Илон Маск болашаққа қалай дайындалу керектігі жайлы үш кеңес берді

Илон Маск. © Youtube.com

?лемге танымал к?сіпкер, инвестор ?рі миллиардер Илон Маск ?зіні? жоспарлары туралы толы?ыра? айтып берді. К?сіпкер ?лем елдеріні? ?кіметтеріне ?ай м?селелерге назар аудару керектігін ж?не бас?а да м?селелер жайлы айтты. SpaceX пен Tesla-ны? негізін ?ала?ан Илон Маскты? с?хбаты жа?ында орыс тіліне аударылып, YouTube хостингінде жарияланды. Ал с?хбатты? м?тінін Petrimazepa.com порталы жариялады.

Әлемге танымал кәсіпкер, инвестор әрі миллиардер Илон Маск өзінің жоспарлары туралы толығырақ айтып берді. Кәсіпкер әлем елдерінің үкіметтеріне қай мәселелерге назар аудару керектігін және басқа да мәселелер жайлы айтты. SpaceX пен Tesla-ның негізін қалаған Илон Масктың сұхбаты жақында орыс тіліне аударылып, YouTube хостингінде жарияланды. Ал сұхбаттың мәтінін Petrimazepa.com порталы жариялады.

Илон Маск билік өкілдерімен кездесе отырып, оларға болашаққа қалай дайындалу керектігі жайлы үш кеңес берді. "Бірінші кеңес - жасанды интеллектті дамытуға назар аудару. Себебі жасанды интеллектті ойластырушылар жұмыс барысында кейбір мәселелерді бақылауға алуды ұмытып жатады. Менің айтып отырғаным, қоғамдық қауіпсіздік. Үкіметтегілер жасанды интеллекттің тұрғындарға қауіпті болмауы үшін оны бақылау керек", - деп кеңес берді ол.

Ал екінші кеңес ретінде Илон Маск көлік мәселесін қарастыру қажеттігін айтты. "Электр көліктеріне 30-40 жылдан кейін толықтай көшуіміз мүмкін, одан ерте емес. Әрине, мұның салдарынан электр қуатына деген қажеттілік артады. Бүгінде әлемдік энергетикалық қажеттіліктер жайлы айтатын болсақ, олардың бірі отын, сосын - көлік және электр қуаты", - деді кәсіпкер.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ол болашақта адамзаттың жаппай жұмыссыздыққа ұшырау қаупі бар екенін айтып өтті.

Және де үшінші кеңес ретінде Илон Маск командасына адамдарды қалай таңдайтыны жайлы айтып берді. "Біріншіден интуициялық сезіммен жұмыс істейтін сияқтымын. Мен ол адамнан өмірі жайлы толық айтып беруін сұраймын. Сондай-ақ, оның күрделі мәселелерді қалай шешкені жайлы сұраймын. Бұл өте маңызды", - деді ол.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама