23 тамыз 2022 | 09:33

Ипотека және несиелер. Қазақстандықтар қандай қарыздарды жиі рәсімдейді?

2022 жылдың 1 қазанынан бастап барлық қаржы институты, соның ішінде ломбардтар мен онлайн шағын қаржы ұйымдары берілген несиелер туралы ақпаратты күнделікті ұсынуға міндетті болады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл шаралар кірісінің 50 пайызын несиені өтеуге беріп отырған қазақстандықтардың жаңа несие алуға өтініш бере алмауы және осылайша, қарыз ауыртпалығын күшейтпеу үшін жасалып жатқанын түсіндірді. "Бірінші Несие Бюросы" ЖШС мәліметі бойынша, 1,8 миллион адам кем дегенде бір несиесі бойынша кемінде бір күн төлеу мерзімін кешіктіріп отыр. Tengrinews.kz редакциясы Бірінші несие бюросымен бірлесіп қанша қазақстандық банктер мен қаржы ұйымдарына қанша қарыз екенін анықтауды ұсынып отыр.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтардың несие портфелі 1 шілдедегі жағдай бойынша 12,9 триллион. 2022 жылы қазақстандықтар былтырғымен салыстырғанда несиені жиі алған.

Реклама
Реклама

Көбіне қазақстандықтар тұтынушылық кепілсіз несие рәсімдейді.

Ипотека мен автокөлік несиесі де қазақстандықтар арасында танымал.

Автонесие көлемі - 1,35 триллион теңге. 2021 жылмен салыстырғанда 54,7 пайызға немесе 476,4 миллиард теңгеге өскен.

Бұл ретте 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында осы несие өнімдері бойынша игерілу көлемі 2021 жылдың екінші жартыжылдығымен салыстырғанда төмендеген. Осылайша, берілген тұтынушылық кепілсіз несие көлемі 3,3 триллион теңгеден 2,85 триллион теңгеге, ипотекалық несие 1,14 триллион теңгеден 1,04 триллион теңгеге, автонесие 398,2 миллиард теңгеден 367,6 миллиард теңгеге дейін қысқарған.

Бюро несиелік тарихты жаңарту 15 күн ішінде жүзеге асырылатынын атап өтті. 12 қыркүйектен бастап қазақстандық банктер мен басқа да қаржы ұйымдары ақпаратты әр 10 күн сайын жаңартып отырады. 1 қазаннан бастап мәліметтер Бірінші кредиттік бюроға күн сайын жіберілетін болады.

Бірінші кредиттік бюро мәліметі бойынша, несие тарихында қаржылық және қаржылық емес ұйымдардағы, банктер мен ШҚҰ-дан бастап, тауарларды бөліп төлеуге беретін қаржылық емес компанияларға және табиғи монополия субъектілеріне дейінгі кез келген несиелер көрсетіледі. ЖШС 2017 жылдан бастап ломбардтар да бюроға қарыздар туралы ақпаратты беріп жатқанын атап өтті.

Дайындаған Әйгерім Әбілмәжитова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная