13 маусым 2023 | 09:58

Jusan Bank тобы қазақстандық юрисдикцияға қайтарылды

Дина Шарипханова Корреспондент

Jusan Bank тобы қазақстандық юрисдикцияға қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Jusan Bank тобы қазақстандық юрисдикцияға қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2021 жылы жоспарланған іс-қимылдар нәтижесінде Jusan Bank және телекоммуникация, ауыл шаруашылығы және өзге де салалардың бірқатар басқа да ірі активтерін қамтитын Jusan тобы шетелдік юрисдикцияға шығарылды. Қазақстан үкіметі іс жүзінде топқа бақылауды жоғалтты.

Реклама
Реклама

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп қабылдаған шаралардың нәтижесінде Jusan тобы қазақстандық юрисдикцияға қайтарылды. Қажетті құжаттарға қол қойылды.

Топ Қазақстан заңнамасына сәйкес, Үкіметтің және басқа да мемлекеттік құрылымдардың бақылауымен жұмыс істейтін болады.

Jusan Bank қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру бойынша міндеттемелерді өзіне алды.

Банк бұрын алған мемлекеттік көмек мерзімінен бұрын қайтарылады. Мемлекет басшысының шығарылған активтерді қайтару туралы тапсырмаларын іске асыру жалғастырылатын болады.

Jusan Bank өкілдері бұған қатысты пікір білдірді.

Банк өкілдерінің айтуынша, Jusan Bank бақылауы Қазақстан Республикасына толығымен қайтарылды. Шешімнің бір шарты - қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру. Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң түрде жүзеге асырып жатыр.

"Біз қазақстандықтардың қаржылай және қаржылай емес қызметтер бойынша артып келе жатқан сұраныстарын қамтамасыз ете алатын заманауи цифрлық банкингті құру бойынша қабылданған стратегияны ұстанамыз. Былтырдың нәтижесі және банктің билығы жағдайы өзіне алған барлық міндеттемені орындауға, соның ішінде мемлекет көмегінің бір бөлігін мерзімінен бұрын қайтаруға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная