21 қыркүйек 2022 | 16:28

Қанат Шарлапаев Bereke Bank директорлар кеңесінің басшысы болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Қанат Шарлапаев. Фото:hcsbk.kz

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев Bereke Bank (бұрынғы "Сбербанк Қазақстан") директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев Bereke Bank (бұрынғы "Сбербанк Қазақстан") директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметі бойынша, "Ресей Сбербанкі" АҚ еншілес банкі заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы 2022 жылғы 14 қыркүйектегі анықтама көшірмесін ұсынған, оған сәйкес ұйым Bereke Bank АҚ болып қайта тіркелген.

Сондай-ақ, директорлар кеңесінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі шешімі бойынша Қанат Шарлапаев банктің директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланғаны хабарланды.

Реклама
Реклама

"Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Bereke Bank АҚ директорлар кеңесі бес адамнан тұрады: А.Р. Елемесов, М.Д. Мәдиев, А.Б. Мұхамеджанов, Е.Е. Хамитов, Қ.Б. Шарлапаев", - делінген хабарламада.

Қанат Шарлапаев "Бәйтерек" холдингін 2022 жылдың ақпанынан бастап басқарып келеді. Бұған дейін "Сити" инвестбанкінің (БАӘ) Африка, Таяу Шығыс және Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директоры болып жұмыс істеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная