ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қазан 2022 | 19:13
Kaspi.kz - Қазақстанда жасалған!
Kaspi.kz - отандастарымыз мақтанатын, шетелдіктер таңғалатын қазақстандық компания. Шетелдіктер Kaspi.kz-тің инновациялық және технологиялық сервистерінің ерекшелігі мен Қазақстандағы цифрлық қызметтерді енгізу деңгейінің басқа елдермен салыстырғанда жоғары екенін айтады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Kaspi.kz - отандастарымыз мақтанатын, шетелдіктер таңғалатын қазақстандық компания. Шетелдіктер Kaspi.kz-тің инновациялық және технологиялық сервистерінің ерекшелігі мен Қазақстандағы цифрлық қызметтерді енгізу деңгейінің басқа елдермен салыстырғанда жоғары екенін айтады.
Компания басшысы және негізін салушылардың бірі Михаил Ломтадзе Kaspi.kz қазақстандық компания екенін әрқашан айтып жүреді: "Біз сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсартатын осындай инновациялық қызметтерді жасай алғанымызды мақтан тұтамыз! Біздің барлық қызметтерді Қазақстанда біздің команда әзірлейді. Kaspi.kz - Қазақстанда және қазақстандықтар үшін құрылған қазақстандық компания!"
Қазақстанда "Kaspi" сөзі әр адамның әңгімесінде айтылады. "Kaspi-ге ақша аудардым", "Kaspi QR арқылы төлеймін", "Kaspi-ден сатып алдым", "Көлікті Kaspi арқылы қайта тіркедім". Қазақстандықтар күнделікті шаруаның бәрін Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы шешетін сияқты.
Бұл әрі цифрмен де расталады. Kaspi.kz қосымшасын 12 миллионнан астам қазақстандық пайдаланады. Олардың 7 миллионы қосымшаға күн сайын кіреді.
Адамдар күнделікті қызметіне жүгінетіндей компания не істейді?
2018 жылы Kaspi бірегей қызметтер жиынтығы бар әлемдегі алғашқы суперқосымшаның бірін іске қосты. "Суперқосымша" деген сөзді көпшілік жай ұран ретінде қабылдайды. Бұл шын мәнінде технологиялық термин. Ол бағыты бір-бірімен сәйкеспейтін түрлі сервистерді біріктірген мобильді қосымшаны білдіреді. Егер бұрын әрбір қызмет үшін жеке қосымшалар жасалатын болса, бірнеше жыл бұрын суперқосымшаларды жасау идеясы бір уақытта бірнеше елде пайда болды, онда сіз, мысалы, сатып алуға, ақша аударуға, дүкендерде төлем жасап, жеке қаржыны басқаруға және басқа да көп қызметті пайдалана аласыз.
Kaspi.kz әлемдегі алғашқы компаниялардың бірі болып суперқосымшаны іске қосты. Ол іске қосылған кезде мұндай мысалдар болмаған, қазір де сервистердің дәл Kaspi-дегідей бір жерге жинақталуы еш жерде жоқ. Қазіргі таңда Kaspi.kz - Қазақстаннан сырт жерлерге танымал озық технологиялық компаниялардың бірі. Гарвардта магистратура суденттеріне қазақстандық Kaspi.kz-тің кейсі оқытылады.
Компанияның жетістіктері туралы айтатын болсақ, Kaspi.kz сервисінің әрқайсының жеке жетістігі бар.
Интернет магазин
Kaspi.kz-тегі интернет магазин Forbes нұсқасы бойынша ең ірі қазақстандық онлайн-сауда платформаларының рейтингінде бес жыл қатарынан 1-орынға ие болды. Бұл елдегі ең ірі интернет-дүкен. Оның ассортименті үйіңізге немесе Kaspi Postamat-қа тегін жеткізу арқылы тапсырыс беруге болатын 2,5 миллионға жуық түрлі тауарды қамтиды.
Kaspi.kz-тегі Магазин 25 000-ға жуық серіктес дүкендердің тауарын ұсынады. Негізінен, бұл қазақстандық шағын және орта бизнес кәсіпорындары. Бұрын шағын қалада тұратын кәсіпкер тек өз қаласында сауда жасай алатын. Енді ол Kaspi Магазин және Kaspi Жеткізу арқылы бүкіл Қазақстан аумағына сата алады.
Қазақстандағы электронды коммерцияның көлемі биыл алғаш рет 1 триллион теңгеден асты. Үш жылдағы өсім - үш еседен асты, бұл әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі.
Мемлекеттік қызметтер
Қазақстандықтар алдымен мемлекеттік қызметтерді электронды үкімет порталы - eGov арқылы онлайн түрде алды. Бірақ мемлекет азаматтарға мемлекеттік қызметтерді пайдалану бұдан да ауқымды, қарапайым және ыңғайлы болуы керек деп шешті. Сондықтан мемлекеттік қызметтер енді ірі банктер мен компаниялардың қосымшаларына қосылған.
Kaspi.kz-тегі мемлекеттік қызмет көрсету бөліміне 8,5 миллион қазақстандық кіреді. Суперқосымшада автокөлікті онлайн түрде қайта тіркеуге, салық төлеуге, жүргізуші куәлігін ауыстыруға, цифрлық құжаттарды пайдалануға, жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге, туу туралы куәлік алуға, әлеуметтік шот ашуға, бала туу мен бала күтімін рәсімдеп, өтініш беруге, мемлекеттік медициналық мекемелерден анықтамалар және басқа да көптеген қызметтерді алуға болады, олардың ішінде Kaspi.kz те бар.
Бұл екі тараптың: бір жағынан мемлекеттік органдар командасы және екінші жағынан Kaspi.kz командасы күш-жігерінің арқасында іске қосылды.
Бұл процеске көптеген мемлекеттік органдар қатысады: Цифрлық даму министрлігі, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ, Қаржы министрлігі, Мемлекеттік кірістер комитеті, Денсаулық сақтау министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Әділет министрлігі, Бас прокуратураның Құқықтық статистика комитеті, Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті.
Kaspi QR
Қазақстандықтар кез келген жерде сатып алу ақысын біздің отандық қызмет – Kaspi QR арқылы тікелей телефонынан төлей алады. Ол өте қысқа уақыт ішінде танымал болды. Қазірдің өзінде кәсіпкерлердің 350 мыңнан астам дүкені Kaspi Pay арқылы Kaspi QR және картамен төлем қабылдайды.
Қазақстандықтар Kaspi QR пайда болмай тұрып-ақ қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көше бастады. Ал қазір көбі қолдарына қағаз ақшаны соңғы рет қашан ұстағанын ұмытқан. Соңғы үш жылда Қазақстанда қолма-қол емес төлемдер көлемі 5,4 есеге өсті. Егер 2018 жылы төлемдердің 26%-ы ғана қолма-қол емес болса, 2021 жылы - 80%-ға жетті. 2022 жылдың соңына қарай көрсеткіш бұдан да жоғары болатыны анық. Қазақстан өте қысқа мерзімде экономиканы цифрландыруда теңдессіз нәтижелерге қол жеткізді.
Kaspi Travel
2022 жылы Kaspi Travel Forbes ренкингінде әуе және теміржол билеттерін брондау және сатып алу бойынша қазақстандық сервистер арасында 1-орынды иеленді. Елдегі барлық ірі электрондық сауда алаңдарының ішінде Kaspi Travel Kaspi.kz интернет-дүкенінен кейін екінші орында.
Сервис іске қосылғаннан бергі екі жылдың ішінде қазақстандықтар Kaspi Travel арқылы 11 миллионнан астам билет сатып алған.
Төлемдер
Бұл қолма-қол ақша экономикасын қолма-қол ақшасыз экономикаға көшіре бастаған Kaspi.kz суперқосымшасындағы алғашқы сервис болды. Оның көмегімен қазақстандықтар коммуналдық, ұялы байланыс, білім, балабақша, кино билеттері, қоғамдық көлікте жүру, салықтар және басқа да 7 мыңнан астам қызмет түрлерін комиссиясыз төлеуге дағдыланған.
Kaspi Pay
Kaspi.kz қазақстандық шағын және орта бизнес үшін арнайы Kaspi Pay суперқосымшасын жасады. Оның көмегімен кәсіпкерлер тұтынушылардан төлем қабылдап, қашықтан шот жіберіп, бюджетке салық төлейді, жеткізушілерінің қызметақысын төлеп, бизнесін кеңейту үшін несие ала алады.
Kaspi Pay серіктестері - бүкіл ел аумағындағы 350 мыңнан астам шағын және орта кәсіпорын. Kaspi шағын және орта бизнестің өсуіне, дамуына және жаңа жұмыс орындарын ашуға көмектеседі.
Соңғы үш жылда Kaspi.kz технологияны дамытуға шамамен 150 миллиард теңге инвестициялады. Kaspi.kz -тегі интернет магазин мен Kaspi Pay сервистеріне қосылу арқылы қазақстандық компаниялар осы ең заманауи технологияларға қосылып, сату көлемін арттырады, дамып, жаңа жұмыс орындарын ашады.
Әлеуметтік жауапкершілік
Kaspi.kz жасаған қайырымдылықтары туралы сирек айтады. Бірақ, егер интернеттен іздесеңіз, спорт, медицина, әлеуметтік қамсыздандыру және қоршаған орта саласындағы ірі жобаларды қолдау туралы ақпаратты таба аласыз.
Мысалы, Kaspi көп жылдар бойы Алматы марафонының бас серіктесі және оны жоғары деңгейге көтеріп, Орталық Азиядағы ең ірі спорттық шараға айналдырды. Ал Kaspi-дің экиден командасы - еліміздегі мықтылардың бірі.
Пандемия кезінде Kaspi бірінші болып қазақстандықтар үшін коронавирус тестін сатып алды, сонымен қатар дәрігерлерге жабдықталған 100 жедел жәрдем көлігін берді. Компания елдегі 22 ауруханада жұмыс істейтін 6000-нан астам дәрігерді ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, ауруханаларға қажетті құрал-жабдықтар сатып алды. Бұған Kaspi әзірлеушілері мемлекеттен жәрдемақы алу үшін қашықтан шот ашу қызметін рекордтық мерзімде іске қосқанын қосыңыз. Карантин кезінде уақытша жұмыссыз қалған қазақстандықтар Kaspi.kz арқылы 6,5 миллион жәрдемақы алды.
2022 жылдың қаңтарында Kaspi.kz және компанияның негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе алғашқылардың бірі болып "Қазақстан халқына" қорына 10 миллиард теңге аударды.
Компания трансплантациялау үшін органдарды тасымалдауға арналған отандық жабдықты әзірлеуді қаржыландыру арқылы - Астанадағы Жүрек орталығына қолдау көрсетеді. Kaspi "Аяла" қорына бүкіл ел аумағындағы облыстық және қалалық перинаталдық орталықтардың жансақтау бөлімшелері үшін заманауи құрал-жабдықтарды сатып алуға көмектесті. Осы жабдықтың көмегімен дәрігерлер мыңдаған кішкентай сәбилердің өмірін сақтап қалды.
Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе Алматыдағы "Аутизмді жеңейік!" жобасына үлкен үй сыйлады. Kaspi жыл сайын аз қамтылған отбасыларға балаларын мектепке жіберу үшін қажеттінің бәрін сатып алуға көмектеседі, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне ақшалай сыйлықтар береді. Көпшілік Kaspi-дің - "Қаржы мәдениеті" деп аталатын ағартушылық бағыттағы, елдегі ең ауқымды қаржы сауатын ашу бағдарламасына 100 миллион теңгеден астам қаржы бөлгенін біледі.
Kaspi.kz көптеген жылдар бойы Kaspi Lab білім беру жобасын жүзеге асырды. Бұл - студенттерге үлкен деректермен жұмыс істеуді үйренетін корпоративті университет. Биылдың өзінде Kaspi.kz корпоративтік университетінде оқуға ниет білдірушілерден 12 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Бірақ іріктеуден ең жақсылары ғана өтеді. 2022 жылы университет 200 түлек дайындады. Олардың 50-і Kaspi.kz-те, қалғандары еліміздегі басқа технологиялық компанияларда жұмыс істейді.
Сонымен қатар, Kaspi.kz Қазақстандағы ТОП-20 ірі салық төлеушілердің қатарына кіреді және осылайша, мемлекеттің дамуына өз үлесін қосуда.
Kaspi.kz командасы
Әлемге әйгілі Гарвард бизнес мектебінің магистратура студенттері Kaspi.kz тәжірибесін зерттейді. Гарвардтың шақыруымен компания командасы негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадземен бірге студенттер алдында сөз сөйлеп, Қазақстан мен Қазақстанда жасалған компания Kaspi.kz туралы айтты.
Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзенің өзі де Гарвард бизнес мектебінің түлегі және Гарвард бизнес мектебінің Орталық Азия, Түркия, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка аймағындағы Консультативтік кеңесінің мүшесі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также