28 қазан 2020 09:21

Kaspi.kz қазақстандықтардың шағымына жауап берді

Бүгін, 28 қазан таңертеңнен бастап қазақстандықтар Kaspi.kz қосымшасындағы ақауларға шағымданып жатыр. Банк өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін, 28 қазан таңертеңнен бастап қазақстандықтар Kaspi.kz қосымшасындағы ақауларға шағымданып жатыр. Банк өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Банктегілер мұның техникалық ақау екенін және тез уақытта ақауды жоятынын айтты.

Реклама
Реклама

"Өкініше қарай, Kaspi.kz қосымшасында техникалық ақаулар болып жатыр! Картамен төлеу, банкоматтарда картаға ақша салу немесе оны жіберу, сондай-ақ, ақша аударымдарын жасау уақытша мүмкін болмай тұр. Біз бұл ақауды тезірек жоюға тырысып жатырмыз. Кешірім сұраймыз", - деді Kaspi.kz өкілдері.

Айта кетейік, кей қазақстандықтар шотындағы ақшаның азайғанын айтса, тағы біреулері керісінше шоттағы ақшаның көбейгенін айтып жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram