ПОДЕЛИТЬСЯ
13 маусым 2019 | 17:27
Қазақ газ өңдеу зауытын жаңғыртуға 100 миллиард теңгеден аса қаражат бөлінді деген ақпарат жалған болып шықты
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ - көмірсутектерді барлау, өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау бойынша қазақстандық ұлттық оператор өкілдері "Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС-ға 100 миллиард теңгеден аса қаражат бөлінді деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұқаралық ақпарат құралдарында Жаңаөзен қаласындағы "Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС жаңғыртуға қатысты жарияланымдардың шығуына байланысты "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ төмендегіні хабарлайды: Қазіргі уақытта ҚазГӨЗ-ді жаңғырту мәселесі талқылануда. ҚМГ аталған зауытты жаңғыртудың жүзеге асыру жолдары мен тәсілдерін, сондай-ақ қаржыландырудың қажетті көлемін анықтап жатыр. Осыған байланысты, 2019-2022 жылдары ҚазГӨЗ-ді жаңғырту шеңберінде 107,2 миллиард теңге бөлінетіні туралы деректер тексерілмеген және дәйексіз болып табылады", - делінген хабарламада.
Компания өкілдері, ҚазГӨЗ-ді жаңғырту жөніндегі егжей-тегжейлі ақпарат қосымша хабарланатына уәде берді.
Показать комментарии
Читайте также