ПОДЕЛИТЬСЯ
12 шілде 2022 | 12:26
Қазақстан неге базалық мөлшерлемені төмендетпейді? Ұлттық банк басшысы жауап берді
Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Қазақстан базалық мөлшерлемені неге төмендетпейді деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Қазақстан базалық мөлшерлемені неге төмендетпейді деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық банк төрағасы кейбір сарапшылар, шынымен Қазақстан мен Ресей орталық банктерінің базалық мөлшерлемесін салыстыратынын айтты.
"Ресей банкі биыл ақпан айында негізгі мөлшерлеменің 9,5 пайыздан 20 пайызға дейін – екі есе артуынан кейін экономиканың құлдырауынан болып жатқан дефляциялық процестерді ескере отырып, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін оны 9,5 пайызға дейін төмендетті", - деді ол.
Ол Ресейде бірнеше аптадан бері дефляция байқалып отырғанын, маусымдық түзетілген инфляция соңғы уақытта межеленген деңгейден айтарлықтай төмен болғанын, бұл ретте мөлшерлемені қарқынды төмендету – заңды құбылыс екенін айтты.
"Ресейдегі жағдайға қарағанда, Қазақстанда рецессия күтілмейді, керісінше, іскерлік белсенділіктің, сұраныстың өсуі жағдайында қосымша фискалдық импульс аясында инфляциялық қысымның одан әрі күшеюі күтіліп отыр. Осы орайда Ресей мен Қазақстандағы базалық мөлшерлемелерді салыстыру дұрыс емес", - деді ҰБ төрағасы.
Айта кетейік, ақпанның аяғында Ресейдің Орталық банкі директорлар кеңесінің шұғыл отырысында негізгі мөлшерлемені бірден 20 пайызға дейін көтерді. Кейін 17 пайызға, 14 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылданды. Мамырда негізгі мөлшерлеме 11 пайызға дейін төмендетілді.
Ал Қазақстанның Ұлттық банкі маусымның басында базалық мөлшерлемені 14 пайыз деңгейінде қалдыру туралы шешім қабылдаған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также