Қазақстан валюта айырбастау ережелерін өзгертті

Фото ©️ Турар Казангапов

ҚҰБ Басқармасы валюталық реттеу мәселелеріне қатысты құжаттардағы өзгерістерді бекітті. Өзгерістер валюта айырбастауға да әсер етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚҰБ Басқармасы валюталық реттеу мәселелеріне қатысты құжаттардағы өзгерістерді бекітті. Өзгерістер валюта айырбастауға да әсер етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк басқармасы валюталық реттеу мәселелері бойынша бірқатар нормативтік құқықтық актіге өзгерістер мен толықтырулар да енгізді. Банктердің валюталық операциялар бойынша есеп беру мерзімі қысқартылып, валюталық заңнама талаптарынан жалтару үшін жасалуы мүмкін және қаржы мониторингіне жататын операциялар тізімі кеңейтілді.

"Сонымен қатар, басқарма шешімімен ақша айырбастау пунктері арқылы жүргізілетін операциялар үшін қолма-қол шетел валютасын сатып алу және сату бағамдарының айырмашылығы шектелді: АҚШ долларына – 7 теңге, еуроға – 10 теңге", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, төлем жүйелері және Ұлттық банктің өзге де қызметіне қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама