26 шілде 2021 | 16:25

Қазақстанда базалық мөлшерлеме өсті

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банк Қазақстанда базалық мөлшерлемені 9,25 пайызға дейін көтеру туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық банк Қазақстанда базалық мөлшерлемені 9,25 пайызға дейін көтеру туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық банк Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 9,25 пайыз деңгейінде +/- 1,00 пайыздық дәлізбен белгілеу туралы шешім қабылдады. Тиісінше өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 10,25 пайыз, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме - 8,25 пайыз болады", - делінген хабарламада.

Ақша-кредит саясатын ойластырылған түрде күшейту инфляциялық спиральді босату қаупін алдын ала білу және 2022 жылы инфляцияны 4-6 пайыз нысаналы дәлізге қайтару қажетінен туындады.

Реклама
Реклама

"Бұл ретте іскерлік белсенділіктің қалпына келуіне Қазақстандағы тұрақсыз эпидемиологиялық ахуалдың әсері ескерілді. Мөлшерлеменің артуы теңгелік активтердің тартымдылығын қолдайды, бұл жағымсыз тепе-теңдікті болдырмайтын күтулерді қалыптастыру мақсатында валюта мен ақша нарықтарында баға белгілеудің тиімділігін арттырады.

Шешім сұраныс тарапынан экономикадағы ұсыныс пен тұрақты проинфляциялық қысым арқылы туындаған инфляциялық тәуекелдерге негізделген. Инфляция болжамдардан жоғары қалыптасады, ал бағаның одан әрі өсуіне қатысты күтулер жоғары және бекітілмеген болып қалады. Экономикалық өсім мен тұтынушылық белсенділік қарқынының тез қалпына келуі айтарлықтай фискалды импульспен проинфляциялық үрдісті қалыптастырады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстанда базалық мөлшерлеме 2020 жылдың шілдесінен бері өзгермей, 9 пайыз деңгейінде сақталған болатын.

Қазақстанда "базалық мөлшерлеме" ұғымы заң тұрғысында бекітілді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная