10 қаңтар 2022 | 12:06

Қазақстанда депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлеме өседі

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 11 қаңтардан бастап жеке тұлғалар депозитінің жекелеген түрлері бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі өседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 11 қаңтардан бастап жеке тұлғалар депозитінің жекелеген түрлері бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі өседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДҚ) жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттерінің жекелеген түрлері бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесін өсіру туралы шешім қабылдады.

2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап стандартты өтеу мерзімі 3 және 6 ай жинақ салымдары бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі 2 пайызға, ал 12 ай стандартты өтеу мерзімі бар жинақ салымдары бойынша 1 пайызға өседі", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная