ПОДЕЛИТЬСЯ
10 шілде 2023 | 10:42
Қазақстанда қандай банктер тарату сатысында?
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстанда таратылу сатысында тұрған банктердің тізімін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстанда таратылу сатысында тұрған банктердің тізімін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстан нарығында 21 екінші деңгейлі банк жұмыс істейді.
Салыстырмалы түрде ұзақ уақыт бойы тарату рәсімінен өтіп жатқан 9 банк бар, олар:
- 2006 жылғы 26 желтоқсанда лицензиясынан айырылған "Валют-транзит банк" 2007 жылғы 1 наурыздан бастап тарату процесінен өтіп жатыр;
- "Қазинвестбанк", 2016 жылғы 27 желтоқсанда лицензиясы қайтарылып алынды, 2018 жылғы 24 қаңтардан бері тарату жүріп жатыр;
- Delta Bank, 2017 жылғы 3 қарашада лицензиясы алынған, тарату 2018 жылғы 25 сәуірден бері жүргізіліп жатыр;
- "Эксимбанк Қазақстан", 2018 жылғы 28 тамызда лицензиясынан айырылды, тарату процесі 2019 жылғы 16 қаңтардан бері жалғасып жатыр;
- "Астана Банк", 2018 жылғы 19 қыркүйекте лицензиясы алынды, тарату процесі 2019 жылғы 9 қаңтардан бері жалғасып жатыр;
- Qazaq Banki, 2018 жылғы 28 тамызда лицензиясы алынған, тарату процесі 2018 жылғы 12 желтоқсаннан бері жалғасып жатыр;
- Tengri Bank лицензиясынан 2020 жылдың 18 қыркүйегінде айырылған, тарату процесі 2021 жылдың 15 ақпанынан бері жалғасып жатыр;
- AsiaCredit Bank лицензиясынан 2021 жылдың 12 ақпанында айырылған, тарату процесі 2021 жылдың 22 шілдесінен бері жүріп жатыр.
- Capital Bank Kazakhstan, лицензиясы 2021 жылғы 24 маусымда қайтарып алынған, тарату 2021 жылғы 6 қазаннан бері жалғасып жатыр.
Еске салайық, "Ашық НҚА" порталында 26 шілдеге дейін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы ұйымдарының қызметін реттеу және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" құжат талқыланып жатыр. Ол банктердің қызметін реттейтін, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілеттіктеріне қатысты екені айтылған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также