ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қараша 2020 | 11:19
Қазақстанда пандемия кезінде қанша компания банкрот болды?
Қазақстанда пандемия кезінде, 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында қанша компания банкрот болғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда пандемия кезінде, 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында қанша компания банкрот болғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, бұл аралықта 385 қазақстандық компания банкрот болған. Оның ішінде, бес ірі кәсіпорын, 30-ы орта, 350 шағын кәсіп субъектілері.
Банкрот болған кәсіпорындардың ішінде бірінші орында - көтерме және бөлшек сауда саласы: жалпы 219 компания тіркелген. Екінші орында - құрылыс (91). Үшінші орында - өңдеу өнеркәсібі (13).
Бұл компаниялар 815 қызметкерге 425,1 миллион теңге қарыз. 1 қазандағы жағдай бойынша, оның тек 95,2 миллионы қайтарылған.
Айта кетейік, өткен жылмен салыстырғанда банкрот болған компания саны азайған. 2019 жылдың тоғыз айында 761 кәсіпорын банкрот болған. Оның ішінде, бір ірі компания, жетеуі орта және 753 шағын компания.
Тағы 2934 компания банкрот болғаны туралы құжат дайындап жатыр. Сонымен қатар, 45 328 заңды тұлға белсенді емес.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также