Қазақстанда валюта айырбастау ережелері өзгерді - Ұлттық банк қаулысы

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

ҚР Ұлттық банк басқармасы валюталық реттеу мәселелері бойынша қаулы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Ұлттық банк басқармасы валюталық реттеу мәселелері бойынша қаулы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы басқарма қаулысын қабылдады. Қаулы 2025 жылғы 28 ақпаннан бастап қолданысқа енеді. Құжатта банктік және банктік емес айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша қолма-қол шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегінің рұқсат етілген мәндері бекітіліп отыр. Ол шектер (спредтер) АҚШ доллары үшін – 7 теңге, еуро үшін – 10 теңге.

"Банктік және банктік емес айырбастау пункттері шетел валютасын сатып алу және сату бағамы арасындағы ауытқу шегін сақтамаған жағдайда Ұлттық банк Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сай тиісті шара қабылдау үшін Ұлттық банктің аумақтық филиалдарына шағыммен жүгінуге ұсыныс білдіреді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная