Қазақстандағы банктер үшін бірыңғай QR-код қашан іске қосылады?

Изображение сгенерировано при помощи нейросети Midjourney

Ұлттық банк пен Ұлттық төлем корпорациясы Қазақстандағы барлық банк үшін бірегей QR-кодты төлем жүйесін таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк пен Ұлттық төлем корпорациясы Қазақстандағы барлық банк үшін бірегей QR-кодты төлем жүйесін таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірінші транзакцияны көрсету 15 қарашада Алматыда өткен Қазақстан қаржыгерлер конгресі аясында екі екінші деңгейлі банктің қатысуымен өтті.

Айта кету керек, банкаралық QR-төлемдер қызметі – бұл Ұлттық цифрлық қаржылық инфрақұрылымының (ҰЦҚИ) құрамдас бөлігі, ол азаматтарға жылдам әрі ыңғайлы QR-төлем жасауға мүмкіндік береді.

Реклама
Реклама

"Әсіресе, банкаралық QR-төлемдерді енгізу бизнеске түрлі банктердің бірнеше терминалын орнату шығындарын азайтуға, ал азаматтарға – елдің кез келген банк терминалы арқылы QR-кодпен ақы төлеуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде, банктер банкаралық операцияларды өңдеу құнын төмендету арқылы шығындарды оңтайландырып, ҰЦҚИ инфрақұрылымына қатысу аясында клиенттер үшін төлем қызметтерін кеңейте алады", - деп мәлімдеді Ұлттық банк.

Қазіргі уақытта банкаралық QR-төлемдер жүйесінің функционалдығы дайын және қатысушы банктерді кезең кезеңімен қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба ауқымын кеңейту 2025 жылға жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама