Қазақстанға шетелдік банктер келсе, арзан несиелер бола ма?

Дина Шарипханова Корреспондент
Қазақстанға шетелдік банктер келсе, арзан несиелер бола ма? Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанға шетелдік банктер келсе, арзан несиелер бола ма? Бұл сұраққа Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанға шетелдік банктер келсе, арзан несиелер бола ма? Бұл сұраққа Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Президент Қазақстанға үш шетелдік банкті тартуды тапсырды. Шетелдік ойыншылардың келуіне байланысты қазақстандықтарға арзан несие бола ма? Мысалы, 1 пайыздық ипотека?", - деп сұрады журналистер.

"Жаңа банк келсе де, ол елде қалыптасатын базалық мөлшерлемеге қарайды. Ол экономикадағы ақшаның құнына назар аударады. Шетелдік банк келіп, ресурстарды әртүрлі мөлшерлемемен ұсына бастайды деп күту - олай болмайды. Экономикадағы ақша құны және кез келген жағдайда ол базалық мөлшерлемеге қарайды", - деді Әбілқасымова журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама