Келімбетов БЖЗҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды

© prodengi.kz

?лтты? банкті? б?рын?ы басшысы, ?азіргі "Астана" халы?аралы? ?аржы орталы?ыны? т?ра?асы ?айрат Келімбетов ойда жо?та жа?а ?ызметке келді, - деп хабарлайды abctv.kz

Ұлттық банктің бұрынғы басшысы, қазіргі "Астана" халықаралық қаржы орталығының төрағасы Қайрат Келімбетов ойда жоқта жаңа қызметке келді, - деп хабарлайды abctv.kz

БЖЗҚ сайтында ойда жоқта Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры басшылық құрылымында айтарлықтай өзгерістер болды. Өзгерістер туралы алдын ала хабарланбаған еді", - делінген телеарна хабарында. Шын мәнінде сайтта Келімбетовтің "БЖЗҚ" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - Жалғыз акционердің өкілі" болып тағайындалғаны айтылады.

Келімбетовпен қатар, директорлар кеңесінің жаңа мүшелері ретінде мына азаматтар кірген: 

Реклама
Реклама

ҒАЛИЕВА Дина Төлеубекқызы, "БЖЗҚ" АҚ Директорлар кеңесінің төрайымы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары;

БЕКЕТАЕВ Руслан Бахытжанович, "БЖЗҚ" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - Жалғыз акционердің өкілі;

КӨЗЖАНОВА Майраш Сапарбекқызы, "БЖЗҚ" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаментінің директоры;

ТАДЖИЯКОВ Бисенгали Шамгалиевич, "БЖЗҚ" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - Тәуелсіз директор;

ДАМИТОВ Кадыржан Кабдошевич, "БЖЗҚ" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - Тәуелсіз директор;

Борис БОРОЗАН, "БЖЗҚ" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор - "Global Sovereign Advisors" басқарушы серіктесі;

НАУРЫЗБАЕВА Нұрбибі Серекхажықызы, "БЖЗҚ" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - БЖЗҚ" АҚ Басқарма төрағасы.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама