Кеңес Рақышев 2,5 миллион долларын қайырымдылыққа жұмсады

Кеңес Рақышев. © Kursiv.kz

Алматыда Қазақстандағы алғашқы Дзюдо Академиясы ашылды. Академия Дзюдо Федерациясына және Қазкоммерцбанктің директорлар Кеңесінің басшысы Кеңес Рақышевтың қаражатына салынды. Жаттықтыру орталығындағы барлық жаттығу балаларға тегін көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұма, 13 мамыр күні Рақышев Республикалық Кәркен Ахметов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың түлегі, 2015 жылы Сараево қаласында кадеттер арасында дзюдодан әлем чемпионы атанған Айболат Ыстыбайға Академияның кілтін табыстады.

"Менің Кеңес Хамитұлына алғысым шексіз. Оның талабы мен қосқан үлесінің арқасында бүгін міне осындай спорт ғимараты ашылып отыр. Осы Академияны салу үшін Ракишев мырза өзінің жеке қаражатынан 2,5 миллион долларды бөлген екен", - деді өз сөзінде қала әкімі Бауыржан Байбек.

Реклама
Реклама

Дзюдо академиясы Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің территориясында орналасқан. Қазақстанның ұлттық құрамасындағы атлеттер мен осы жауынгерлік өнерді меңгеріп алғысы келетін жеткіншектер осы жерде тегін жаттыға алады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама