31 мамыр 2019 | 10:24

Кез келген сәлемдеме үш күнде жетуі керек - "Қазпошта" басқарма төрағасы

© primeminister.kz

"Қазпошта" АҚ компаниясының басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов компанияның электронды коммерция нарығын дамыту жөніндегі жаңа бастамалары туралы айтып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап. 
 
Цифрландыру, бағдарларды оңтайландырудың арқасында, біз көп нәрсеге қол жеткіздік. 2017 жылдан бастап біз сәлемдемелерді жеткізу мерзімін 16 күннен 6 күнге дейін қысқарттық.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Қазпошта" АҚ компаниясының басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов компанияның электронды коммерция нарығын дамыту жөніндегі жаңа бастамалары туралы айтып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап. 
 
Цифрландыру, бағдарларды оңтайландырудың арқасында, біз көп нәрсеге қол жеткіздік. 2017 жылдан бастап біз сәлемдемелерді жеткізу мерзімін 16 күннен 6 күнге дейін қысқарттық.

"Қазір біз ауқымды жұмыстар жасап жатырмыз. Шамамен жаздың ортасынан бастап сәлемдемелерді жеткізу мерзімі 3 күнге дейін қысқартылады. Кез-келген сәлемдеме үш күнде жетуі керек", - деді С. Сәрсенов.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, "Қазпоштада" таңертең салып жіберіп, кешке басқа қалаға жеткізілетін экспресс-пошта қызметі бар. Сонымен қатар, С. Сәрсенов қызметкердің қатысуынсыз, автоматтар арқылы қызметтерді ала беруге болатын цифрлық офистер ашылып жатқаны туралы хабарлады. Бұған қоса, жаңа қызмет - әмбебап агент пайда болды. "Қазпошта" АҚ ауылдық жерлерде клиенттерге әртүрлі қызмет түрлерін - ХҚКО, медициналық ұйымдар, білім беру мекемелері және т.б. көптеген қызметтерін қашықтан алуға мүмкіндік беретін жабдықтарын орнатып жатыр.

Электронды коммерция нарығын дамыту жөніндегі ең жаңа бастама - кәсіпкерлер үшін экспорт рәсімдерін жеңілдету. Сәуір айының басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық кеден құжаттарын рәсімдеуді айтарлықтай жеңілдеткен заңға қол қойды. "Қазпошта" АҚ компаниясының басқарма төрағасы аталған жаңашылдық 1700 қазақстандық интернет-кәсіпкер үшін қазақстандық тауарларды шетелге сату үшін жаңа "терезе" ашады және электронды коммерцияның өсіміне қосымша серпін береді.

"2019 жылдың сәуір айына дейін қазақстандық интернет дүкендер өздерінің тауарларын өзге елдерге сатып алушыларға оңай жолмен жібере алмады. Бұл үшін әрбір сәлемдемеге кедендік декларация рәсімдеп, кедендік органдарда жиындарды төлеу қажет болды. Енді кедендік декларация ретінде Қазпошта тегін рәсімдейтін пошта құжаттарын пайдалануға болады", - деді С. Сәрсенов. 

Бұған қоса, "Қазпошта" АҚ инфрақұрылымды дамытумен айналысады. Кәсіпкерлер үшін 3 фулфилмент-орталық, 4 электронды коммерция орталығы ашылды, АТ-инфрақұрылым жаңартылуда және франчайзинг серіктестерімен жаңа бөлімшелер ашылуда. 

Интернет дүкендердің иегерлері үшін Қазпошта Kazpost Store қызметін іске қосты, ол өздерінің сайттарында Қазпоштаның пайдалы сервистерін пайдалануға мүмкіндік береді.

Қаржы қызметтері бойынша таяу уақытта Salem Online (картадан картаға аудару), Salem Mobile (QR-код арқылы төлеу), сондай-ақ, банк картасы арқылы өздерінің сайтында кез келген заңды және жеке тұлғалардың адресіне төлемдерді қабылдауға және теңдестіруге мүмкіндік беретін сервистер қолжетімді болады.  

PayPost интернет-эквайрингі интернет дүкендердің иелеріне кез келген банктің банк карталарынан төлемдерді қабылдауға мүмкіндік береді.

Қолжетімді сервистердің тізімі үнемі толықтырылып және жақсартылып отырады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная