LG Group төрағасы қайтыс болды

© REUTERS/Kevin Lamarque

LG Group т?ра?асы Ку Бон-Му (Koo Bon-moo) 74 жас?а ?ара?ан ша?ында О?т?стік Кореяда ?айтыс болды. Б?л туралы РИА Новости агенттігі О?т?стік Корея а?парат ??ралдарына сілтеме жасап хабарлады.

LG Group төрағасы Ку Бон-Му (Koo Bon-moo) 74 жасқа қараған шағында Оңтүстік Кореяда қайтыс болды. Бұл туралы РИА Новости агенттігі Оңтүстік Корея ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлады.

Ол 17 мамырда Сеул қаласында ауруханаға жатқызылған. Жыл басынан бері оның миына бірнеше ота жасалған және жағдайы нашарлай берген. Ақыры ол ем алудан бас тартып, отбасының жанында көз жұмды.

Ку Бон Му 1995 жылы әкесі Ку Чжа Геннен корпорацияның басшылығын мұраға алған, бұл корпорация LG Electronics өнімдерінің арқасында халықаралық деңгейде танымал болды. Ренхап агенттігінің хабарлауынша, LG компаниялар тобын басқару марқұмның кіші інісі Ку Бон Чжунға беріледі, ол корпорация төрағасының орынбасары.

Реклама
Реклама

Ку Бон Мудың артында екі қызы мен асырап алған 40 жастағы ұлы Ку Гван Мо қалды, ол болашақта LG басшысы болуы мүмкін.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама