Месси қазақстандық кәсіпкер негізін қалаған компанияның елшісі болды

Лионель Месси. © Instagram

Sirin Labs компаниясы Лионель Мессимен ж?мыс істейтінін м?лімдеді. "Барселона" ойыншысы ?лемдегі е? ал?аш?ы Finney криптосмартфонын жасаумен айналысатын компанияны? елшісі болды. Б?л туралы аргентиналы? футболшыны? Twitter ж?не Instagram желілеріндегі пара?шаларында жариялан?ан.

Sirin Labs компаниясы Лионель Мессимен жұмыс істейтінін мәлімдеді. "Барселона" ойыншысы әлемдегі ең алғашқы Finney криптосмартфонын жасаумен айналысатын компанияның елшісі болды. Бұл туралы аргентиналық футболшының Twitter және Instagram желілеріндегі парақшаларында жарияланған.

"Sirin Labs компаниясында елші ретінде жұмыс істеуге өте қуаныштымын. Болашақта смартфондардың операциялық жүйелеріндегі блокчейнді одан да қолжетімді еткім келеді", - деп жазған Лионель Месси.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, қазақстандық бизнесмен Кеңес Рақышев израильдік кәсіпкерлер Моше Хогег пен Тал Кохенмен бірігіп, Sirin Labs компаниясының негізін қалаған. Блокчейн технологиясымен жұмыс істейтін алғашқы смартфон 12 желтоқсанда шығады.

Компаниядағылардың мәліметінше, жаңа смартфон Sirin Labs өкілдері өздері құрастырған Shield OS операциялық жүйесімен жұмыс істейді. Сондай-ақ, Finney телефондарының әлем бойынша криптовалютаны сақтауға қауіпсіз смартфон болатыны айтылады және оның бағасы 999 доллар болуы мүмкін.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама