ПОДЕЛИТЬСЯ
06 сәуір 2021 | 13:26
Михаил Ломтадзе Қазақстандағы үздік басшы атағын тағы алды
Kaspi.kz-тің негізін қалаушылардың бірі және басшысы Михаил Ломтадзе халықаралық жетекші PricewaterhouseCoopers консалтинг компаниясы (PwC) өткізген CEO Survey 2021 сауалнамасы бойынша Қазақстандағы ең үздік компания басшысы деп танылды. Михаил қатарынан үшінші рет үздік басшы атанып отыр.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Kaspi.kz-тің негізін қалаушылардың бірі және басшысы Михаил Ломтадзе халықаралық жетекші PricewaterhouseCoopers консалтинг компаниясы (PwC) өткізген CEO Survey 2021 сауалнамасы бойынша Қазақстандағы ең үздік компания басшысы деп танылды. Михаил қатарынан үшінші рет үздік басшы атанып отыр.
Михаил Ломтадзе бұған қатысты пікір білдірді:
"Біздің жұмысымызды бағалағандарыңызға және зерттеуді ұйымдастырғаны үшін PwC компаниясына алғыс айтамыз. Бұл біздің бүкіл керемет ұжымымыздың тағы бір мәртебесі, ол инновациялық қызметтер құрып, сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсартады. Былтыр біз Kaspi.kz-ке сәтті IPO өткіздік, Қазақстанды әлемдік инновация картасына енгізіп, елдің халықаралық инвесторлар үшін тартымын айтарлықтай арттырдық. Біз, өз кезегімде, сүйікті клиенттерімізді әлемдік деңгейдегі жаңа инновациялық қызметтермен таңғалдыруға уәде береміз".
Сауалнамаға экономиканың түрлі саласындағы ірі қазақстандық компаниялардың 71 бас директоры қатысқан. Респонденттер Kaspi.kz-те IPO сәтті өткенін, ұжымның кәсібилігін, компанияның технологиясы мен Kaspi.kz басшысының стратегиялық көзқарасын атап өтті.
PwC бұл зерттеуді бүкіл әлемде 24 жыл бойы жүргізіп келеді, соңғы 9 жылда Қазақстанда да жүргізеді. Сауалнаманың негізгі мақсаты - басшылардың әлемдік және ұлттық экономикадағы ахуал туралы пікірін бағалау, қауіп-қатер факторлары мен бизнесті дамыту мүмкіндіктері туралы білу.
Зерттеудің толық нұсқасын PwС сайтынан қарауға болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также