Назарбаев "Самұрық-Қазынаны" трансформациялау бағдарламасын қыркүйекке дейін аяқтауды тапсырды

Фото akorda.kz сайтынан алынды

"Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазынаны" трансформациялау бағдарламасын әзірлеуді осы жылдың қыркүйек айына дейін аяқтауды тапсырды",  - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Хабарламадан мәлім болғаны, Назарбаев "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның басқарма төрағасы Өмірзақ Шүкеевпен кездесіп, қордың ағымдағы қызметі барысымен және өзінің тапсырмаларының қалай орындалып жатқанын талқылады, сонымен қатар алдағы уақытқа тапсырмалар берді. Президент қыркүйек айына дейін "Самұрық-Қазынаны" трансформациялау бағдарламасын әзірлеуді, оны қордың барлық корпоративті органдарында талқылауды және үкіметте қарауға ұсынуды тапсырды.

Елбасы, қордың бірқатар орта және кіші компанияларын сату ашық түрде өтуін және нарықтық бағада сатылу керектігін атап өтті.

Реклама
Реклама

Өз кезегінде Шүкеев, қорды трансформациялау бағдарламасын әзірлеу барысы жайын баяндады.

Одан өзге, қор басшысы жекешелендірудің жаңа сатысына дайындық жайынан да хабардар етті. Ол, қор құрамынан 200 компанияны шығару жоспарын, сондай-ақ "KEGOC" компаниясының "Халықтық IPO-ға" 10 пайыз акциясын шығаратынын мәлімдеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама