Неміс банкі қателесіп басқа банктерге бірнеше миллиард доллар аударып жіберген

© Getty Images

KfW неміс мемлекеттік даму банкі ?ателесіп бас?а т?рт банкке бірнеше миллиард доллар аударып жіберген. Б?л м?ліметті банк ?кілдері Reuters агенттігіне растады, - деп хабарлайды BBC News.

KfW неміс мемлекеттік даму банкі қателесіп басқа төрт банкке бірнеше миллиард доллар аударып жіберген. Бұл мәліметті банк өкілдері Reuters агенттігіне растады, - деп хабарлайды BBC News.

Неміс БАҚ-тарының мәліметінше, банк 5-6 миллиард доллар аралығында қаражатын жоғалтып ала жаздаған. Ал Bloomberg агенттігі өзінің дереккөзіне сілтеме жасай отырып, бұл жағдайдың техникалық ақаудан болғанын айтады. 

Сонымен қатар, техникалық ақаудың салдарынан жеке төлемдердің бірнеше рет жүргізілгені хабарланып отыр. Банк өкілдері бұл мәселенің зерттеліп жатқанын айтып өтті. 

Реклама
Реклама

Басылымның мәліметінше, KfW банкі мұндай жағдайда бірінші рет болып тұрған жоқ. Банк 2008 жылы Американың Lehman Brothers банкіне 300 миллион доллар аударып жіберген екен.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама