13 қаңтар 2021 13:46

"Отбасы банк" қосымшасында зейнетақы төлемін аудару үшін шот ашу функциясы іске қосылды

© Тұрар Қазанғапов

"Отбасы банк" қосымшасында зейнетақы төлемін аудару үшін шот ашу функциясы іске қосылды. Tengrinews.kz тілшісі функцияны тексеріп көрді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Отбасы банк" қосымшасында зейнетақы төлемін аудару үшін шот ашу функциясы іске қосылды. Tengrinews.kz тілшісі функцияны тексеріп көрді.

Зейнетақы жинағын пайдалануға өтінім қабылдау платформасы іске қосуға толық дайын болды. Тек қол қойылуы тиіс нормативтік-құқықтық актілер қалған еді. Міне, бүгін, 13 қаңтар таңертеңнен бастап "Отбасы банк" қосымшасын пайдаланушылар арнайы шоттарды аша алатын болды.

Реклама
Реклама

Ол үшін "Отбасы банк" қосымшасындағы жеке кабинетке кіріп, "зейнетақы аудару үшін шот ашу"-ды басу қажет. Содан кейін өтінішке қол қойыңыз, артынша бірнеше секунд ішінде шот ашылады.

Шоттың болуы туралы анықтама мен оның нөмірін жеке кабинетте де көруге болады.

Бұл зейнетақы аударымын жасаудың алғашқы қадамы.

Өтініш беру үшін:

- Порталға кіру, ЭЦҚ-мен авторизациялану және жеке кабинет ашу.
- Ақшаны қандай мақсатта жұмсағысы келетінін белгілеу. Әр мақсаттың өзіндік құжаттар тізімі бар, оларды алдын-ала сканерлеу керек.
- Жұмсағысы келетін соманы көрсету керек.
- "Өтінімді қалыптастыру" батырмасын басыңыз.
- БЖЗҚ-ға қаражат сұрату үшін қажетті үш өтінішке ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.

Одан кейін клиент (арнайы шот болған жағдайда) "БЖЗҚ-ға өтінім жіберу" батырмасын басады.

Қажетті соманың бар екені туралы хабарламаны алғаннан кейін құжаттарды жүктеу терезесі ашылады. Құжаттар арнайы шотқа қаражат түскеннен кейін 45 жұмыс күні ішінде жүктелуі керек. Олай болмаған жағдайда олар БЖЗҚ-ға қайтарылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram