16 мамыр 2017 18:00

Проблемалық банктерден депозиттерді шешіп алу зейнетақы қауіпсізідігін қамтамасыз етпейді - Ұлттық банк

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пруденциал нормативтерді бұзған банктердегі депозиттерден зейнетақы жинақтарын шешіп алу зейнетақы жинағының қауіпсіздігін арттыру міндетін шешпейді, БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелерінің сауалына ҚР Ұлттық банкінің өкілдері осылай жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк өкілдері ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес кез келген салымшы келісімшарт өз күшінде тұрған уақытта салымды мерзімінен бұрын қайтарып алуға құқықылы екенін түсіндірді. Дегенмен БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерінің банктердегі инвестициясы тек депозиттерден ғана тұрмайды, басқа да қаржылай құралдар ретінде салынған. 

Осылайша, 2017 жылдың 1 сәуірінде БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерінің портфель құрылымындағы Қазақстан банк секторының үлесі 26,4 пайыз, соның ішінде облигациялар 20,6 пайыз, депозиттер 5 пайыз және акциялар 0,8 пайыз. 

"Осыған байланысты жеке банктердің пруденциалды нормаларды бұзуы бұл банктердің қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған шаралар кешенін қабылдауды қажет етеді. Басқа инвестициялар бар кезде депозиттерді шешіп алу зейнетақы жинақтарының қауіпсіздігін қамтамассыз ету мүмкін емес", - деп жауап берді ҚР Ұлттық банк өкілдері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети