Qazaq Air рейстері тамыздың басында іске қосылады

© Тұрар Қазанғапов

Qazaq Air әуе компаниясы рейстерін тамыздың басында іске қосуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әуе компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Qazaq Air қазір рұқсат беру туралы құжаттарды алу үстінде. "Алғашқы рейстерді тамыздың басында іске қосу жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.

Qazaq Air таныстырылымы 6 шілдеде өтті. Таныстырылымда ұсынылған Bombardier Dash 8 Q400 ұшағы - әуе компаниясында бар үш борттың бірі. Мұны компания осы аттас концерннен тапсырыспен алдырған. "Біздің бірінші рейсіміз 20 шілдеде болады деп үміттенеміз. Бірінші рейс Алматыдан Павлодарға ұшады", - деді Qazaq Air әуе компаниясының жоба директоры Блэр Поллок.
Реклама
Реклама
 
Qazaq Air әуе компаниясының бағыттар желісі 12 маршруттан тұрады, олардың басым бөлігі Қазақстан өңірлері арасында қонбай ұшырылатындар.
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама