Қазақ газ өңдеу зауытын жаңғыртуға 100 миллиард теңгеден аса қаражат бөлінді деген ақпарат жалған болып шықты

Қазақ газ өңдеу зауытын жаңғыртуға 100 миллиард теңгеден аса қаражат бөлінді деген ақпарат жалған болып шықты © mangystaumedia.kz

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ - көмірсутектерді барлау, өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау бойынша қазақстандық ұлттық оператор өкілдері "Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС-ға 100 миллиард теңгеден аса қаражат бөлінді деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Бұқаралық ақпарат құралдарында Жаңаөзен қаласындағы "Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС жаңғыртуға қатысты жарияланымдардың шығуына байланысты "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ төмендегіні хабарлайды: Қазіргі уақытта ҚазГӨЗ-ді жаңғырту мәселесі талқылануда. ҚМГ аталған зауытты жаңғыртудың жүзеге асыру жолдары мен тәсілдерін, сондай-ақ қаржыландырудың қажетті көлемін анықтап жатыр. Осыған байланысты, 2019-2022 жылдары ҚазГӨЗ-ді жаңғырту шеңберінде 107,2 миллиард теңге бөлінетіні туралы деректер тексерілмеген және дәйексіз болып табылады", - делінген хабарламада. 

Компания өкілдері, ҚазГӨЗ-ді жаңғырту жөніндегі егжей-тегжейлі ақпарат қосымша хабарланатына уәде берді. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама