Қазақстанда ВТБ банк басқармасының жаңа төрағасы тағайындалды

Дмитрий Забелло

Қазақстанда ВТБ банк басқармасының жаңа төрағасы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ВТБ (Қазақстан) банк директорлар кеңесінің шешімімен банктің басқарма төрағасы болып Дмитрий Забелло тағайындалды, ол бұған дейін Орынбор облысы бойынша ВТБ банк дирекциясын басқарған", - делінген хабарламада.

Дмитрий Забелло банк саласында 24 жылдан аса уақыт бойы жұмыс істеп келеді, оның 11 жылында ол ВТБ тобының құрылымында қызмет еткен. Ол Орынборда ВТБ филиалы ашылған сәттен бастап оны дамытумен айналысты, қазір Орынбор облысы бойынша ВТБ дирекциясы өңірдегі қаржы нарығында салмақты ойыншыға айналды.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, ВТБ банкі (Қазақстан) республикадағы қаржы нарығында алты жылдан аса уақыт бойы жұмыс істеп келеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама