Qazkom жедел түрде қарыз алды - Bloomberg

Qazkom банкі жедел т?рде ?арыз алды, - деп жазады Bloomberg басылымы ?зіні? дерекк?здеріне сілтеме жасап. Басылымны? м?ліметінше, банкті? жа?дайын ?алып?а келтіруге шамамен 1,5 триллион те?ге ?ажет болуы м?мкін.

Qazkom банкі жедел түрде қарыз алды, - деп жазады Bloomberg басылымы өзінің дереккөздеріне сілтеме жасап. Басылымның мәліметінше, банктің жағдайын қалыпқа келтіруге шамамен 1,5 триллион теңге қажет болуы мүмкін.

Басылымның мәліметінше, бұл қаражат Qazkom банкіне жаһандық қаржы дағдарысынан құтқарылу үшін керек болып отыр. Сондай-ақ, мұндай көлемдегі ірі қаражатты қарызға алу мәселесін Qazkom мен ҚР Ұлттық банкі өкілдерінің талқылап жатқаны айтылады. Бірақ екі банк те басылымдағыларға бұл мәселеге қатысты пікір білдіреуден бас тартты.

Сонымен қатар, Bloomberg басылымы өзінің дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, Qazkom банкінің 15 желтоқсаннан бастап ҚР Ұлттық банкінен 400 миллиар теңге алғаны айтылады. Бұл ақшалар банк өтімділігі үшін керек болған екен. Осылайша, қазіргі уақытта шенеуніктер банкке қалай көмек көрсетуге болатынын талқылап жатыр.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, басылымның мәліметінше, Qazqom БТА банкімен біріккен кезде Ұлттық банктен 250 миллиард теңге қарызға алған. Басылымдағылардың айтуынша, Qazqom "Халық банкімен" де бірігуі мүмкін. Алайда екі банк өкілдері де бұл мәліметті жоққа шығарған.

Еске сала кетейік, осыған дейін Qazqom банкі өзінің қаржы жағдайы жайлы ресми түрде мәлімдеген болатын. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама