Қытай Қазақстаннан 100 мың тонна астық сатып алмақ

Сурет Tengrinews.kz мұрағатынан алынған

"Қытай Қазақстаннан 100 мың тонна астық сатып алатын болды" деп хабарлайды Tengrinews.kz "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұндай келісімге "ҚазАгро" Ұлттық Басқару Холдингі" АҚ басқарма төрағасы Дулат Айтжанов пен "Корпорация КОФКО Лимитед" Қытай Ұлттық компаниясының вице-президенті Цзинтао Чжи қол қойды.

"Екіжақты қол қойылған құжатқа сәйкес, "ҚазАгро" холдингінің Қытай Халық Республикасына астық экспорты көлемін ұлғайту жоспарынан хабардар болған Корпорация КОФКО 2014/15 жылдары нарықтық бағамен 100 мың тонна астық импорттауға ниет білдірді. Одан өзге, екі ел арасындағы астық саудасының көлемін арттыру мақсатында, сондай-ақ транзит арқылы үшінші елдерге шығару үшін тараптар астық терминалының құрылысын бірге қаржыландыру мәселелерін талқылады" делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Алдағы уақытта КОФКО корпорациясы мен "ҚазАгро" Холдингі астық көлемін ұлғайтпақ. Келіссөздер нәтижесінде "ҚазАгро" жетекшісі Дулат Айтжанов, қазақстандық астық пен өзге де дәнді дақылдар мен майлы дақылдар үшін Қытай нарығының стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті.

 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама