15 қыркүйек 2022 15:19

"Самұрық-Қазына" басшысы қор компанияларындағы жалақы туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

"Самұрық-Қазына" қорының басшысы Алмасадам Сәтқалиев қор компаниялары тобындағы жалақы мөлшері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Самұрық-Қазына" қорының басшысы Алмасадам Сәтқалиев қор компаниялары тобындағы жалақы мөлшері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жалақысы бойынша, оларды негізгі мемлекеттік қызметкерлердің, мемлекеттік органдар жалақысымен салыстыруға келеді. Анау айтқандай үш еселенген жалақы жоқ. Сонымен қатар, еңбекке ақы төлеудің әділ жүйесіне қатысты барлық нақты ереже әзірленді, олар негізгі сыйақыны да, жыл қорытындысы бойынша сыйақы төлеуді де білдіреді. Ол қызметтің негізгі көрсеткіштерін, жұмысты жеке, корпоративтік орындауға нақты байланыстырылған", - деді Сәтқалиев Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде.

Қор басшысы жалақы мәселесі толығымен директорлар кеңесі құзырында екенін айтты.

Реклама
Реклама

"Портфельдік компаниялардың директорлар кеңесінде барлық жерде қор өкілдері бар, олар бұл мәселені және Мемлекет басшысының қызметкерлерге әділ еңбекақы төлеуге қатысты барлық тапсырмасы толығымен орындалуын бақылауда ұстайды", - деп түйіндеді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram