"Самұрық-Қазына" осы айда 14 компанияны саудаға шығарады

©Тұрар Қазанғапов

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры 14 компанияны саудаға шығарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың басқарма төрағасының орынбасары Елена Бахмутоваға сілтеме жасап.

"2014 жылдың қыркүйегінде 14 компанияны саудаға шығару жоспарланып отыр, оның тоғызы электронды байқау әдісі бойынша, бесеуі электронды бәссауда әдісі бойынша сатылады", - деп хабарлады Бахмутова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, 14 компанияның тоғызы "ҚТЖ" ҰК" АҚ-на, екеуі "Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ-на, біреуі "ҚазМұнайГаз" АҚ-на және екеуі "Самұрық-Қазына" қорына тиесілі.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспары аясында "Самұрық-Қазынаның" 106 активі мен нысаны жеке қолға өткелі отыр, оның 64-і осы жылдың соңына дейін жекешеленуі тиіс.

 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама