ПОДЕЛИТЬСЯ
13 мамыр 2019 | 10:58
Шалғайдағы елді мекендердің тұрғындары БЖЗҚ қызметтерін Қазпошта бөлімшелерінде ала алады
Шалғайдағы елді мекендердің тұрғындары "БЖЗҚ" АҚ қызметтерін "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінде ала алады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі біріңғай зейнетақы қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шалғайдағы елді мекендердің тұрғындары "БЖЗҚ" АҚ қызметтерін "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінде ала алады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі біріңғай зейнетақы қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы, Қазақстан - "БЖЗҚ" АҚ пен "Қазпошта" АҚ елдің шалғай елдімекендерін зейнетақы қызметтерімен қамту мақсатында Қордың салымшылары мен алушыларына "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінде қызмет көрсету бойынша бірлескен жобаны іске қосты.
Еске салйық, 2018 жылы зейнетақы қызметтерін елдің шалғай аудандарындағы пошта бөлімшелері арқылы көрсету туралы "БЖЗҚ" АҚ пен "Қазпошта" АҚ арасында Меморандумға және агенттік келісімге қол қойылған болатын.
Қазір "Қазпошта" АҚ операторлары арнайы оқыту курсынан өткен соң, "БЖЗҚ" АҚ-тың қызмет көрсету орталықтары жоқ елдімекендерде зейнетақы қызметтері көрсетіле бастады. Осылайша экономикалық тұрғыдан белсенді халқының саны 2 мыңнан асатын 94 елдімекеннің тұрғындары зейнетақы қызметтерін ұлттық пошта байланысы операторы арқылы алуға қол жеткізді. Бұл ретте зейнетақы қызметтері ұлттық пошта желісі арқылы Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының елдімекендерінде көрсетіледі. Елдімекендердің толық тізімін Қор сайтынан көруге болады.
Атап айтар болсақ, бұл ауылдар мен кенттердің тұрғындары Қазпошта бөлімшелерінде мынадай қызметтерді алады:
- салымшының (алушының) қосымша деректемелерін (жеке куәлігінің нөмірі, телефон нөмірі, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту/толықтыру туралы өтініш беру;
- хабарлау тәсілін өзгерту (белгілеу) (оның ішінде "БЖЗҚ" АҚ электрондық форматтағы қызметтеріне қол жеткізу) туралы келісімге қол қою.
Сонымен 2019 жылы республика өңірлерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қызметтерімен қамту деңгейі 43,7 пайызға дейін өседі. "Қазпошта" АҚ Қазақ елі аумағында ең үлкен филиалдық желіге ие. "БЖЗҚ" АҚ жоспарында елдің басқа да шалғай аудандарын "Қазпошта" АҚ бөлімшелері арқылы зейнетақы қызметімен қамту көзделген.
Показать комментарии
Читайте также