14 мамыр 2019 | 12:38

Ішкі валюта нарығындағы ахуал тұрақты - Ұлттық банк

Ішкі валюта нарығындағы ахуал тұрақты болып табылады, бағам белгілеу Қазақстан Ұлттық Банкінің қатысуынсыз сұраныс пен ұсыныстың нарықтық факторларының негізінде орын алып отыр. Ұлттық валюта бағамы жыл басынан бері бір АҚШ доллары үшін 384,2 теңгеден 379,43 теңгеге дейін нығайды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі валюта нарығындағы ахуал тұрақты болып табылады, бағам белгілеу Қазақстан Ұлттық Банкінің қатысуынсыз сұраныс пен ұсыныстың нарықтық факторларының негізінде орын алып отыр. Ұлттық валюта бағамы жыл басынан бері бір АҚШ доллары үшін 384,2 теңгеден 379,43 теңгеге дейін нығайды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бағам белгілеудің іргелі драйверлері оңтайлы қалыптасуда. Мәселен, жыл басынан бастап мұнай бағасы бір баррель үшін 54-тен 70 долларға дейін өсті. Мұнай бағасының өсуі, сондай-ақ шетелдік портфельдік инвестициялардың әкелінуі аясында жыл басынан бері Ресей рублінің нығаюы байқалады.

Реклама
Реклама

АҚШ ФРЖ риторикасының пайыздық саясатқа қатысты жұмсаруы да ақша ағындарын дамушы нарықтарға қайта жіберуге және қазақстандық активтерге деген сұранысқа ықпал етеді.

Алайда орын алып отырған АҚШ пен ҚХР арасындағы сауда қақтығысының шешілуіне қатысты белгісіздік барлық дамушы елдердің валюталарына қысымды сақтайды.

Төлем балансының жай-күйі жақсаруда. Алдын ала бағалауға сәйкес 2019 жылғы 1-тоқсандағы ағымдағы шот 834,8 миллион доллар деңгейінде күтіледі. Ағымдағы шоттың профициті қатарынан 2 тоқсан ішінде теңгенің нығаюына алғышарттар жасайды.

Сәуірдің соңында жалпы халықаралық резервтер 86,4 миллиард АҚШ долларын құрады. Ұлттық қордың активтері  жылдың басынан бері 58 миллиард АҚШ долларынан 59,3 миллиард АҚШ долларына дейін өсті.

Қазақстан Ұлттық Банкінің алтынвалюта резервтері сәуірде 0,2 пайызға ұлғайып, 2019 жылғы 1 мамырда 27,1 миллиардАҚШ долларын құрады. Қажетті минимум 3 ай болған кезде олардың көлемі тауарлар мен қызметтер импортының шамамен 8 айын құрайды. Ұлттық қордың активтерін қоса алғанда, жалпы халықаралық резервтер сәуірде 0,4 пайызға өсті.

Қазақстан Ұлттық Банкінің жалпы халықаралық резервтерінің көлемі сыртқы борышқа және тауарлар мен қызметтер импортына қызмет көрсету бойынша макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті болып табылады.  Жыл басынан бастап резервтер көлемінің төмендеуі сыртқы міндеттемелерге, оның ішінде Үкіметтің сыртқы борышы мен квазимемлекеттік секторға қызмет көрсету, сондай-ақ салымдарды долларсыздандырудың жалғасуына байланысты екінші деңгейдегі банктердің корреспонденттік шоттарынан қаражаттың әкетілу салдары болып табылады. 

Қазақстан Ұлттық Банкі жекелеген сарапшылардың арандатушылық бақылауына және болжамдарына ермеуді және тәуекелді алыпсатарлық операцияларды жүзеге асырмауды ұсынады.

Қазақстан Ұлттық Банкі валюталық нарықтың жай-күйіне тұрақты негізде мониторинг жүргізуді жалғастырады және қажет болған жағдайда қаржылық тұрақтылыққа қауіпті болдырмау бойынша қажетті шаралар қабылдайды. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная