ПОДЕЛИТЬСЯ
01 шілде 2022 | 14:40
"Тарихи көрсеткіш". Ұлттық банк рубль бағамына қатысты пікір білдірді
Ұлттық банк теңге/рубль бағамына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлттық банк теңге/рубль бағамына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ұлттық банк теңге/рубль бағамының қалыптасуына байланысты маусым бойы рубльдің барлық валютаға, ең алдымен, АҚШ долларына қатысты айтарлықтай нығайғанын хабарлайды. Осындай айтарлықтай нығаю Рейседе енгізілген капитал қозғалысын бақылау шаралары, энергия ресурстарын қоса алғанда, негізгі экспорттық тауарлардың жоғары бағалары аясында, импорттың айтарлықтай қысқаруы болды", - делінген хабарламада.
Ұлттық банк мәліметінше, бұрын енгізілген валюталық шектеулердің айтарлықтай жеңілдеуіне қарамастан, Ресей рублі мұнай мен газдың жоғары бағасы мен импорттың төмен көлемі аясында нығаюын жалғастырды.
"Бұл тиісінше теңге/рубль бағамының рубль үшін ең төменгі тарихи көрсеткіш - 9-9,1 теңгеге дейін әлсіреуіне әкелді. Ресей Федерациясында рубль бағамын қалыпқа келтіру шараларына қатысты ашық пікірталас жүріп жатыр. Бұл ретте тікелей шараларды қабылдау Ресейге қарсы енгізілген санкциялармен қиындап тұр", - делінген хабарламада.
Теңгенің Ресей рубліне қатысты айырбас бағамы тікелей қалыптаспайды, ол теңге мен рубльдің долларға қатысты бағамына қарай жекелей қалыптасатыны айтылған.
"Теңге/рубль нарығы дербес қалыптастыру үшін жеткілікті түрде терең және өтімді емес, бұл Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда теңгерімсіздігіне, сондай-ақ қазақстандық экспорттаушылардың өз өнімдерін Ресей Федерациясына теңгеге сатпауына байланысты. Ресейлік экспорттаушылардан айырмашылығы – ресейлік рубльге сататын ресейлік экспорттаушыларға қарағанда, Ресей Федерациясындағы теңгеге деген сұраныстың төмендігі осымен байланысты", - деді ҰБ өкілдері.
Ұлттық банк мәліметінше, құбылмалы айырбас бағамы саясаты теңгерімсіздіктердің жинақталуын болдырмайды және онымен қатар елдің алтын-валюта резервтерін сақтауға мүмкіндік береді.
"Сондықтан рубльмен немесе кез келген басқа валютамен паритетке әсер ету мақсатында ұлттық валютаның айырбас бағамы бойынша кез келген амалдар жасауға жол берілмейді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айдың соңында валюта нарығында жасалған барлық операциялар, оның ішінде алтын-валюта активтері есебінен жасалған интервенциялар, Ұлттық қордың немесе БЖЗҚ атынан жасалған операциялар туралы ақпаратты жария етеді", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также