Тарихтағы ең бай адамның кім екені анықталды

© Reuters

Bloomberg ж?не Forbes рейтингінде тарихта?ы е? бай адамдар тізімін Билл Гейтстен асып т?скен Amazon интернет-компаниясыны? негізін ?алаушы Джефф Безос бастап т?р, - деп хабарлайды vc.ru.

Bloomberg және Forbes рейтингінде тарихтағы ең бай адамдар тізімін Билл Гейтстен асып түскен Amazon интернет-компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос бастап тұр, - деп хабарлайды vc.ru.

Bloomberg мәліметі бойынша, Безостың байлығы 105,1 миллиард доллар, ал Forbes тізімінде оның дәулеті 104,4 доллар деп көрсетілген. Қос рейтингте де Amazon басшысы әлемнің ең бай адамы - Билл Гейтсті басып озған. 

Джефф Безос Amazon акцияларының қымбаттауының арқасында баи түскен. Қаңтар басынан акциялар құны 3,2 пайызға артқан, деп нақтылады "Коммерсант". Forbes журналының 2018 жылдың 9 қаңтарындағы мәліметі бойынша, Amazon компаниясының бір акциясының құны 1 246 доллар - бұл құнды қағаздар тарихындағы ең жоғары баға. 

Реклама
Реклама

Америкалық бизнесмен ритейлердің 78,9 миллион акциясына ие. Сонымен қатар, Blue Origin ғарыш компаниясы мен Washington Post басылымы да оның иелігінде. 

2017 жылдың шілдесінде Безос Bloomberg және Forbes тұжырымы бойынша ең дәулетті адам деп танылды. Ол кезде бизнесменнің байлығы 90,6 миллиард доллар деп бағаланған еді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама