ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қазан 2020 | 14:40
Цифрлық даму министрлігі мен Kaspi.kz жаңа сервисті іске қосты
ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) және Kaspi.kz бірлесіп қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтерді онлайн тез және оңай алуға көмектесетін жаңа қызметтерді әзірлеп жатыр.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) және Kaspi.kz бірлесіп қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтерді онлайн тез және оңай алуға көмектесетін жаңа қызметтерді әзірлеп жатыр.
Осындай алғашқы жоба - Kaspi.kz мобильді қосымшасында ЖК (жеке кәсіпкер) тіркеу қызметі. Ол құжаттарды қашықтан тексеруге, кәсіпкерді сәйкестендіруге, тіркеуді растауға арналған бірқатар заманауи техникалық шешімдерді қамтиды.
Жоба шеңберінде Цифрлық даму министрлігінің, Kaspi.kz және Мемлекеттік кірістер комитеті мен "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер қорының ақпараттық жүйелері интеграцияланды.
ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин:
"Мемлекеттік қызметтерді бизнес арқылы ұсыну идеясы министрлік командасына тиесілі. Әрі қарай "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ және Kaspi.kz-тің үйлесімді жұмысы. Мемлекеттік қызметтерді неғұрлым танымал сервистерде ұсыну - ел үшін тарихи сәт. Біз бизнеспен белсенді ынтымақтастық орнатамыз, өйткені халықтың қызмет алуда таңдауы болуы тиіс. Бұл мораль тұрғысынан ескірген Egov-қа жүктемені айтарлықтай азайтады және мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жаңа мүмкіндіктер береді. ЖК тіркеу - үлкен жоспарларды іске асырудың алғашқы қадамы және бастамасы. Енді қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді өзіне ыңғайлы жерден ала алады".
Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушы Михаил Ломтадзе жаңа бірегей қызметтің іске қосылуына байланысты пікір білдірді:
"Біз елдегі ең танымал Kaspi.kz қосымшасына инновациялық қызметтерді үнемі қосып отырамыз. Бүгін біз кәсіпкерлер үшін ЖК-ны тікелей біздің қосымшамызда онлайн тіркеу мүмкіндігін іске қосамыз. Бұл Kaspi.kz пен мемлекет арасындағы сәтті ынтымақтастықтың тағы бір мысалы. Цифрлық даму министрлігінің командасы біздің командамен бірге сервисті қысқа мерзімде жасап шықты. Осы бірегей қызметті әзірлеуге және іске қосуға қатысқандардың бәріне рақмет".
Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу үшін енді Kaspi.kz қосымшасынан осы қызметті таңдап, сауалнаманы толтырып, Kaspi ЭЦҚ көмегімен қол қойсаңыз жеткілікті.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также