Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма құрамы өзгерді

© Қазақ үні

Б?гіннен бастап ?лия Айдарбекова, Жанар Ж?баниязова ж?не Мирас Бейсембаев "Т?р?ын ?й ??рылыс жина? банкі" А? (Б?йтерек Холдингіні? еншілес ?йымы) Бас?арма т?райымыны? орынбасарлары ?ызметіне кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Т??ЖБ баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Бүгіннен бастап Әлия Айдарбекова, Жанар Жұбаниязова және Мирас Бейсембаев "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ (Бәйтерек Холдингінің еншілес ұйымы) Басқарма төрайымының орынбасарлары қызметіне кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТҮҚЖБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, басқарма құрамының өзгеруі үстіміздегі жылдың 31-ші наурызында "Бәйтерек" ҰБХ АҚ Басқарма төрағасы Ерболат Досаевтың төрағалық етуімен өткен банктің директорлар кеңесінің отырысында мақұлданған.

Реклама
Реклама

Әлия Айдарбекова бұған дейін "Қазақстанның Инвестициялық қоры" АҚ Басқарма басшысының орынбасары болып қызмет атқарған. Ол жаңа лауазымында қаржы және қаржылық есеп бағытына жетекшілік етпек.

Жанар Жұбаниязова бұған дейін "Евразиялық банк" АҚ Басқарушы директоры - шағын және орта бизнес Департаментінің директоры қызметін атқарып келді. Енді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің даму бойынша блогын бақылайтын болады.

Мирас Бейсембаев бұған дейін "Даму" қоры Басқарма төрағасының орынбасары лауазымында қызмет атқарды. Банкте ол сатып алу және құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін болады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама