07 қыркүйек 2020 15:36

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім шығарды

Қазақстанның Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 9 пайыз деңгейінде сақтау жөнінде шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 9 пайыз деңгейінде сақтау жөнінде шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені пайыздық дәлізді +/-1,5 пайызды сақтай отырып жылдық 9,00 пайыз деңгейінде сақтау жөнінде шешім қабылдады. Тиісінше, өтімділікті беру жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 10,50 пайыз және өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 7,50 пайыз болады", - делінген банктің хабарламасында.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, қаржы институтының мәліметінше, Ұлттық Банк 2020 жылғы екінші тоқсандағы экономикалық белсенділіктің барынша түбегейлі құлдырауына, сондай-ақ 2020 жылғы шілдеде локдаунның енгізілуіне байланысты 2020 жылы экономиканың өсу қарқыны бойынша өз күтулерін нашарлатты.

"Ұлттық Банктің жаңартылған болжамдарына сәйкес 2020 жылы Қазақстанның ІЖӨ 2,0-2,3 пайызға қысқарады. 2021 жылы 2020 жылғы төмен база және эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруы жағдайында экономикалық өсу қарқыны 3,5-3,8 пайызға дейін қалпына келтіріледі. Бұған сыртқы сұраныстың біртіндеп қалпына келуі, кейінге қалдырылған инвестициялық жобаларды іске асыру, оң фискалдық қарқын, еңбек нарығындағы жағдайдың жақсаруы және тұтынушылық сұраныстың жандануы ықпал ететін болады", - дейді Ұлттық банк өкілдері.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram