ПОДЕЛИТЬСЯ
11 наурыз 2022 | 17:19
Ұлттық банк доллар алудағы қиындықтар туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді
Ұлттық банк Қазақстандағы ақша айырбастау пункттері мен банктерде қолма-қол доллар алудағы қиындықтар туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлттық банк Қазақстандағы ақша айырбастау пункттері мен банктерде қолма-қол доллар алудағы қиындықтар туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Айырбастау пункттері мен екінші деңгейдегі банктерде қолма-қол ақша сатуға немесе беруге қойылатын шектеулерге қатысты өтініштерге байланысты Ұлттық банк Қазақстан Республикасында шетел валютасындағы операциялармен шектеулер туралы қаулыларды немесе өзге заңға тәуелді актілерді қабылдамағанын хабарлаймыз", - делінген Ұлттық банктің мәлімдемесінде.
Қолма-қол шетел валютасын беруде туындаған қиындықтар, бірінші кезекте, халық тарапынан сұраныстың артуына, сондай-ақ шиеленіскен геосаяси жағдай аясында Қазақстанға басқа елдерден қолма-қол шетел валютасын жеткізудегі логистикалық қиындықтармен байланысты.
"Қазіргі жағдайды ескере отырып, Ұлттық банк Федерал резерв жүйеден - АҚШ Орталық банкінен қолма-қол шетел валютасының қосымша көлемін жеткізу мәселесін белсенді түрде пысықтап жатыр. Сондай-ақ, долларлық қолма-қол ақшаны уақтылы жеткізуді қамтамасыз ету үшін көлік компанияларымен барлық қажетті келісімдер бар екенін хабарлаймыз", - деп толықтырды ведомство өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также