ПОДЕЛИТЬСЯ
07 желтоқсан 2018 | 09:51
Ұлттық банк инфляция деңгейіне болжам жасады
Ұлттық банк инфляция деңгейіне болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлттық банк инфляция деңгейіне болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, банк жылына 4 рет болжамдық раунд жүргізеді. Оның барысында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің, бірінші кезекте инфляцияның ортамерзімді кезеңдегі (алдағы 7 тоқсандағы) болжамы жүзеге асырылады.
Айтуларынша, алынған болжамдар мен бағалар негізінде Ұлттық Банк ақша-кредит саясаты бойынша, оның ішінде базалық мөлшерлеме деңгейі бойынша шешімдер қабылдайды.
Ұлттық Банк кезекті болжамдық раундты 2018 жылдың 30 қарашасында аяқтаған. Болжам кезеңі 2018 жылғы 4-тоқсан - 2020 жылғы 2-тоқсан аралығын қамтиды. ҚР Ұлттық Банкі бүкіл болжам кезеңінде базалық сценарий ретінде мұнай бағасының бір баррель үшін 60 АҚШ доллары болатын сценарийді қарастырған.
Болжамдарға сәйкес, Қазақстандағы жылдық инфляция 2019 жылы 4-6 пайыз аралығындағы жаңа нысаналы дәлізге оның жоғарғы шегінде бола отырып, біртіндеп кіре бастайды (1-график ).
Алдыңғы "2018 жылғы тамыз-қыркүйек" болжамдық раундпен салыстырғанда инфляцияның траекториясы аздап төмендеу жағына қарай түзетілді, бұл 2019 жылы монополистер көрсететін қызметтер бағасының күтіліп отырған төмендеуіне байланысты. 2020 жылғы бірінші жартыжылдықта Ұлттық Банктің бағалауы бойынша жылдық инфляцияның біртіндеп бәсеңдеуі жалғасады. (...), - дейді баспасөз қызметіндегілер.
Экономикалық өсу қарқыны, бағалауға сәйкес, 2019 жылы 2,7 пайыз (өткен болжамдық раундта 2,6 пайыз), 2020 жылғы бірінші жартыжылдықта 2,7 пайыз болады. Экономикалық өсу бойынша алғышарттар өзгерген жоқ. Экономиканың негізгі өсу драйвері ішкі тұтынушылық сұраныстың өсуін білдіреді. Инвестициялық белсенділіктің оң серпіні, бірінші кезекте, тау-кен өндіру саласында және тұрғын үй құрылысында сақталады. Тауарлар және қызмет көрсету экспортының ұлғаюы Қашаған кен орнындағы мұнай және газ конденсатын өндірудің одан әрі өсуіне байланысты болады.
"Ұлттық Банктің жаңартылған бағалаулары бойынша Қазақстандағы шығарылымның қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективада үзілуі проинфляциялық тұрғыдан әсер ете отырып, оң болады. Болжамдық кезеңнің соңында оң үзіліс әлсіз оң аймақта қала отырып, біртіндеп қысқара бастайды.
Бір баррель үшін 40 АҚШ доллары сценарийі іске асырылған жағдайда жылдық инфляцияның 2019-2020 жылдары нысаналы дәліздің жоғарғы шегінен асатын айтарлықтай тәуекел бар, ол ақша-кредит талаптарына түзетулер енгізуді талап етеді", - деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметіндегілер.
Показать комментарии
Читайте также