01 сәуір 2022 | 10:53

Ұлттық банк наурызда теңге бағамын ұстап тұруға қанша жұмсады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ©️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банк наурызда теңге бағамын ұстап тұруға қанша жұмсалғанын және сәуірде ұлттық валюта құны неге байланысты болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық банк наурызда теңге бағамын ұстап тұруға қанша жұмсалғанын және сәуірде ұлттық валюта құны неге байланысты болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк мәліметінше, сыртқы күтпеген өзгерістердің ел экономикасына ықпалының алдын алып, ішкі валюта нарығындағы теңгерімді ұстап тұру үшін наурыздың бірінші жартысында Ұлттық банк валюталық интервенцияларды жүргізген.

"Айдың аяғында олардың көлемі 990,5 миллион АҚШ долларын немесе биржалық сауда-саттықтағы жалпы көлемнің 29 пайызы болды. Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта сату наурызда 890,9 миллион АҚШ доллары болды. Ұлттық банктің валюталық интервенциялары мен Ұлттық қордан сату үлесі жалпы көлемнің 55 пайызы болды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

ҰБ мәліметі бойынша, Ұлттық банк БЖЗҚ мен сенімгерлік басқарудағы басқа да қорлардың зейнетақы активтері үшін шетел валютасын сатып алу немесе сату бойынша операцияларды жүргізбеген.

"Геосаяси шиеленістің жоғары деңгейіне байланысты 2022 жылғы 15 наурыздағы жағдай бойынша, теңге тарихи ең жоғары деңгейге жетіп, бір АҚШ доллары үшін 512,17 теңге болды. Алайда осыдан кейін ұлттық валюта қозғалысының бағыты нығаю жағына қарай өзгерді. Осылайша, 31 наурызда KASE биржасында сауда қорытындылары бойынша теңге бағамы наурыздың басынан бастап 5,7 пайызға нығайып, бір АҚШ доллары үшін 467,03 теңге деңгейінде қалыптасты. Халықаралық қаржы нарықтарындағы түзету, сондай-ақ салықтық төлемдер кезеңі аясында теңге нығая түсті", - делінген ҰБ хабарламасында.

Қысқа мерзімді перспективада теңгенің құбылмалылығы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі қатысушылардың күтулеріне және әлемдік нарықтардағы ахуалға байланысты болғаны атап өтілді.

"Бұл ретте Ұлттық банк экономикадағы құрылымдық өзгерістер, мемлекеттің жеңілдікпен кредиттеуінің азаюы, сондай-ақ айырбастау бағамының еркін өзгеру қағидаттарын ұстану қажетті талабы саналатын инфляциялық таргеттеудің толыққанды режиміне көшу жұмысын жалғастырып жатыр.

Ұлттық банк теріс сценарий орындалған жағдайда ішкі қаржы нарығында тұрақсызданудың алдын алуға қажетті барлық құралға ие және жағдайды қадағалауды жалғастырады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная