12 шілде 2022 | 12:41

Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов ресейлік валютаның нығаю себептері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов ресейлік валютаның нығаю себептері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ұлттық банк ұлттық валюта бағамының еркін өзгермелі қағи­даттарын ұстанады. Маусымда рубльдің бағасы барлық валютаға, ең алдымен, АҚШ дол­ларына қатысты айтарлықтай нығайды", - деді Пірматов.

Осындай нығаю Ресей Федера­циясында енгізілген капитал қоз­ғалысын шектеу шаралары, энер­гия ресурстарын қоса алғанда, негізгі экспорттық тауарлардың жоғары ба­ғалары аясында, импорттың айтарлық­тай қысқаруымен бірге жүрді, деді ол.

Реклама
Реклама

"Бұрын енгізілген валюта­лық шектеулердің айтарлықтай жеңіл­деуіне қарамастан, Ресей рублі мұнай мен газдың жоғары бағасы мен импорттың төмен көлемі аясында нығаюын жалғастырды. Өз кезегінде, теңгенің Ресей руб­ліне қатысты айырбас бағамы тікелей қалыптаспайды, ол теңге мен рубльдің долларға қатысты бағамына қарай жекелей қалыптасады", - деді ҰБ басшысы.

Пірматовтың айтуынша, теңге/рубль нарығы дербес қалыптасу үшін мемлекеттер арасындағы сауда-сат­тық теңесуі қажет.

"Ал қазір біздің Ре­сейден әкелетініміз Ресейге апараты­нымыздан әлдеқайда көп және біздің тауар сатушыларымыз өз тауар­ларын Ресейге сатқанда теңгеге емес, валютаға сатқанды таңдайды. Сон­дықтан теңгеге деген сұраныс төмен.

Құбылмалы айырбас бағамы саясатын ұстану – теңгерімсіздіктердің жинақталуын болдырмайды және сонымен қатар елдің алтын-валюта резервтерін сақтауға мүмкіндік береді. Сондықтан рубльмен немесе кез келген басқа валютамен паритетке әсер ету мақсатында ұлттық валютаның айырбас бағамы бойынша кез келген амалды жасауға жол берілмейді", - деді ол.

Еске салайық, маусымның аяғында ресейлік валюта 9,1 теңгеге сатылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная