07 маусым 2022 | 12:18

Ұлттық банк теңге бағамы туралы: Жағдай тұрақталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мамырдың басында теңге бағамы нығайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мамырдың басында теңге бағамы нығайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Иә, шынында да, биыл ақпаннан бастап теңге бағамының құбылмалылығы геосаясаттан туындаған тәуекелдер және жаһандық нарықтардағы жоғары құбылмалылықпен байланысты. Сондықтан теңгенің еркін өзгермелі режимінде әрекет етпей тұруы мүмкін емес еді. Теңгенің еркін құбылмалы айырбас бағамы, біздің ойымызша, экономика мен нарыққа сыртқы жағдайларға тез бейімделуге мүмкіндік береді. Мамырдан бастап жағдай тұрақталды. Бұл сыртқы нарықтағы жағдайдың тұрақтануымен байланысты", - деді Молдабекова Ұлттық банкте өткен брифинг барысында.

Вице-президенттің айтуынша, тұрақтандыру экспорттаушылардан ұлттық валютаның ұсынысы артып, валюта нарығындағы теңгерімге қол жеткізілген.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная