ПОДЕЛИТЬСЯ
05 қыркүйек 2022 | 17:55
Ұлттық банк төрағасы базалық мөлшерлемеге қатысты шешімді түсіндірді
Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов базалық мөлшерлеме туралы шешімді түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов базалық мөлшерлеме туралы шешімді түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Базалық мөлшерлеменің қазіргі деңгейі қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етеді және шаруашылық жүргізуші субъектілердің жинақтау белсенділігін қолдайды. Қалыптасқан инфляция ішкі бағалардың сыртқы бағаға бейімделуіне байланысты", - деді Пірматов ведомствода өткен брифингте.
Оның айтуынша, жыл басынан бері базалық мөлшерлеменің айтарлықтай көтерілуінің экономикаға әсері әлі толық көрініс тапқан жоқ және келешекте тиісті бағалауды қажет етеді.
"Базалық мөлшерлеме бойынша одан әрі шешімдер инфляцияның болжанатын жолына, сондай-ақ сыртқы және ішкі ортадағы тәуекелдердің теңгеріміне байланысты қабылданады", - деп қорытындылады Пірматов.
Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім 2022 жылдың 24 қазанында Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 14.00-де жарияланатыны хабарланды.
Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также