Ұлттық банк Qazkom мен Халық банктің келісімін қолдауға ниетті

?Р ?кіметі мен ?Р ?лтты? банкі Qazkom мен Халы? банкті? келісімін ?олдау?а ниетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?аржы реттеушісіні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

ҚР үкіметі мен ҚР Ұлттық банкі Qazkom мен Халық банктің келісімін қолдауға ниетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы реттеушісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және банк секторын қалыпқа келтіру мақсатында 2017 жылғы 2 наурызда ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық Банкі, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ, "Казкоммерцбанк" АҚ және оның ірі акционерлері, "Қазақстанның Халық банкі" АҚ және "БТА Банк" АҚ арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумға сәйкес "Қазақстанның Халық банкі" АҚ "Казкоммерцбанк" АҚ-тың акциялар пакетін сатып алуға ниетті", - делінген хабарламада. 

"Өз кезегінде, "Казкоммерцбанк" АҚ-тың акциялар пакетін сатып алу жөніндегі әлеуетті мәмілені іске асыру үшін ҚР Үкіметі және ҚР Ұлттық Банкі "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ-тың проблемалық активтерді сатып алуы жолымен қаржылық қолдау көрсетуге ниеттеніп отыр", - деді банктің өкілдері.

Реклама
Реклама

Осыған дейін ҚР Ұлттық Банкі банктердің менеджменті мен акционерлері "Қазақстанның Халық банкі" АҚ пен "Казкоммерцбанк" АҚ арасындағы келіссөздер процестерінің басталғаны туралы хабардар етілген еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама