Ұзақбай Қарабалин "ҚазМұнайГаз" АҚ директорлары кеңесінің құрамына кірді

© Ortcom.kz

Ұзақбай Қарабалин "ҚазМұнайГаз" ҰК" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің мүшесі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы директорлар кеңесі құрамының өзгергенін хабарлады. Құжатта "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ директорлар кеңесінің құрамына "Самұрық-Қазына" АҚ активтерді оптимизациялау жөніндегі басқарма директоры Берік Бейсенғалиевтің және Ұзақбай Қарабалиннің кіргені айтылған.

Ұзақбай Қарабалин 2013 жылдың шілдесінде Қазақстан мұнай және газ министрі болды. 2014 жылдың тамызындағы қайта құрылымдаудан кейін энергетика вице-минситрі болып тағайындалды.

Реклама
Реклама

Биыл 19 қаңтарда Ұзақбай Қарабалин зейнет жасына толуына байланысты энергетика вице-министрі қызметінен босатылды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама