Зейнетақы қорларын бірыңғай жүйеге қосу жұмысы аяқталды

©kapital.kz

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) тапсыру жұмысы аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мемлекеттік жинақтаушы зейнатақы қорына сілтеме жасап. 

26 наурызда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына соңғы ұйым - "Қазақстан Халық банкі" жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-ның жинақтары ауыстырылды. Аталған қор осы нарықтың 30 пайызын алып отыр. Сөйтіп, барлық салымшылардың жалпы саны 9 миллион 689 мың 947 адамды құрады. Ал жинақтардың соммасы 3,9 триллион теңгеге жетті. 

"Осылайша, 26 наурыздан бастап барлық жинақтаушы қордың салымшыларына тиесілі жеке есеп-шоттар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстырылды. Қазіргі заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі барлық зейнетақы активтерін сенімді түрде басқара алады", - делінген ресми хабарламада.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама