I`m a singer Kazakhstan: Күтпеген оқиғалар жалғасады!

16 Қазан 2017, 17:52
0
I`m a singer Kazakhstan: Күтпеген оқиғалар жалғасады! -

Шоудың төртінші бөлімі жоба қатысушылары арасында тағы да күтпеген өзгерістер көрсетті.

Төртінші бөлімнің қорытындысы бойынша, бірінші орынды қазақстандық Адам алды. Жас жігіт өз репертуарындағы айтулы әндерінің бірі "Гүлістан Қазақстаным" атты әнін орындады. Оның шебер орындауы көрермендердің көңілінен шыққаны сонша, оған ең көп дауыс берілді.

Әдеттегідей, Ерден Жақсыбеков, Марсель және То Юн Фу тамаша өнер көрсетті. Бұл орындаушылар қазірше бірқалыпты келе жатыр.

Sarmatians тобы мүшелерінің жолы болмады десек те болады.  Олар Aerosmith тобының өте танымал, әрі лирикалық сарындағы I don`t want to miss a thing атты әнін таңдағанына қарамастан, бұл орындау жобадағы жалғыз рок əншілерді жетістікке жеткізе алмады, жігіттер шоудан шығып кетті. Бірақ жігіттер мойыған жоқ:

"Шын мәнінде, біздіңше қазақстандық рок-музыканың өзіндік болашағы бар. Қарапайым халықтан «той» әндерінен шаршағандықтарын, жаңа, тосын лепті аңсайтынын жиі естіп жатамыз. Сондықтан қазақ тіліндегі, ұлттық аспаптардың қатысуымен өңделген біздің рок қызу қолдауға ие болады деп ойлаймыз. Демек бізде бәрі алда!  АлI`masingerKazakhstanбіздің жас ұжымымыз үшін өзін көрсететін үлкен алаң болды!", - дейді Sarmatians тобының жігіттері.

Бұл жолы жобамен тек рокерлер ғана қоштасқан жоқ. Байқауға Қазақстан атынан қатысып жатқан Асылтас Аяп, өз ұстанымында мықтылық таныта алмай, көрермендердің дауыс беруінің нәтижесінде туған қаласына аттануға мәжбүр болды.

Сонымен, төрт бөлімнен кейін, I`m a singer Kazakhstan жобасында бар болғаны 6 өте мықты әрі, ерекше қатысушы қалды. Алайда келесі көрсетілімнің өзінде көрерменді талай тосын сый күтіп тұр! Жобада шоу элементтері пайда болды: байқауға қатысушылар өнер көрсеткен кезде би қойылымдары қойылады, балет элементтері енеді, жарқын  концерттік нөмірлер болады. Сондай-ақ шоу көрермендерін жаңа сахна мен әдемі безендірулер таң қалдырары анық. Оған қоса, шоу ережелеріне сәйкес оған тағы екі қатысушы енеді. Ал оның бірі қазақ халқына етене таныс! Жетістікке жету жолында екінші мүмкіндікке ие болған ол жұлдыз кім болды екен? Ол көрерменді несімен таңдай қақтырмақ? Жексенбі, 22 қазан күні, сағат 21:00-де, 31 арнада I`m a singer Kazakhstan жобасының бесінші шығарылымын көрсеңіз, осы сұрақтардың барлығына жауап ала аласыз.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай